«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Зеренді ауданы Қанай би атындағы ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Алексеева Альбина Витальевна, 1977 жылы туған, «Викторовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, орыс, Ақмола облысы Зеренді ауданының Викторовка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Оразалина Асылтас Зиноллақызы, 1988 жылы туған, «Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, қазақ, Ақмола облысы Зеренді ауданының Ақан ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Ақмағамбетов Медет Сайранбекұлы, 1984 жылы туған, Зеренді ауданының «Қанай би атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, қазақ, Ақмола облысы Зеренді ауданының Қарауыл Қанай би ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы