«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Зеренді ауданы Исаковка ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Ақмағанбетова Қарлығаш Сейілбекқызы, 1984 жылы туған, «Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, қазақ, Көкшетау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Байсейітов Саян Шыңғызұлы, 1983 жылы туған, Исаковка ауылдық округінің әкімі, қазақ, Ақмола облысы Зеренді ауданының Исаковка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Нұржұмаев Мереке Көшекбайұлы, 1994 жылы туған, Зеренді ауданының «Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ секторының меңгерушісі, қазақ, Ақмола облысы Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы