«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Зеренді ауданы Қонысбай ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Есләмбеков Жасқайрат Жақсыбайұлы, 1977 жылы туған, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының басшысы, қазақ, Көкшетау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Сәдуақасова Шолпан Сексенбайқызы, 1979 жылы туған, «Зеренді ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, қазақ, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Кәрімова Айгүл Зәлетқызы, 1963 жылы туған, Зеренді ауданының «С.Сейфуллин атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, қазақ, Зеренді ауданының С.Сейфуллин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Байдалин Амантай Өтегенұлы, 1962 жылы туған, «Зеренді ауданының Қонысбай ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ күзетшісі, қазақ, Зеренді ауданының Қонысбай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Надыров Мұрат Мырзаханұлы, 1986 жылы туған, «Бөгенбай» ШҚ директоры, қазақ, Көкшетау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы