«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Зеренді ауданы Симферополь ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Иманғалиев Әнуарбек Орынбайұлы, 1986 жылы туған, «TOP MOTORS KZ» ЖШС-нің бөлім басшысы, қазақ, Көкшетау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Ақмағамбетов Медет Сайранбекұлы, 1984 жылы туған, Зеренді ауданының «Қанай би ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, қазақ, Зеренді ауданының Қанай би ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Тұрғынбекова Айгүл Бахытқызы, 1973 жылы туған, Зеренді ауданының «Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, қазақ, Зеренді ауданының Еленовка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы