Z-ИНФОРМ» ЖШС
ТОО «Z-ИНФОРМ»
«Зерделі Зеренді» «Зерен»
қоғамдық - саяси газеті общественно-политическая газета
Ақмола облысы Акмолинской области
Зеренді ауданы Зерендинского района
Зеренді с., Тәуелсіздік (Мира) к.65 с.Зеренда, ул. Тәуелсіздік (Мира),65
Тел./ факс: 8-71632-20-1-93, zerenda_gazeta@mail.ru
Зеренді аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясына
Ақпараттық хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылдың 7 тамызындағы № 50/1, 2024 жылдың 15 қыркүйегіне тағайындалған «Зеренді ауданы Қонысбай және Симферополь ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау туралы» қаулысының негізінде «Зерделі Зеренді» және «Зерен» газеттерінің редакциясы ауылдық округтер әкімдері қызметтеріне кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге баспа алаңын береді. Зеренді ауданының округтері әкiмдерінің сайлауын өткiзу бойынша үгiт материалдарына шарттар жасасу тiркеу аяқталған күннен басталады: 2024 жылдың 25 тамызынан.
Құны 1 шаршы см. 120 (жүз жиырма) теңге – 2,3,4,5 жолақтар (ақ-қара).
Зеренді ауданы бойынша ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарға газет алаңын беру үшін Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу туралы шешімі және бұқаралық ақпарат құралдары басшысының атына жазылған жазбаша өтініші негіз болады.
Материалдар дайын баспа түрінде (әр парақта кандидаттың немесе оның сенімді тұлғасының қолы қойылған) немесе электронды тасымалдағышта ұсынылады.
Зеренді ауданы бойынша ауылдық округтер әкімдерінің қызметтеріне кандидаттардың сайлауалды үгіттеу материалдары 100% алдын ала төлемнен кейін, олардың келіп түсу тәртібімен, «Зерделі Зеренді» және «Зерен» газеттерімен жасалған келісімдерде көрсетілген мерзімде жарияланады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Зеренді ауданының ауылдық округтері әкімдерінің қызметтеріне кандидаттардың сайлауалды үгіттеу жарияланымдарында қаржыландыру көздері туралы ақпараттың болуы қажет екенін ескертеміз.
Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.
Z-ИНФОРМ» ЖШС директоры: С.В.Ким.