2024 жылдың 15 қыркүйегіне тағайындалған, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Ақмола облысы Зеренді ауданының Қонысбай және Симферопол ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс шаралардың күнтізбелік жоспары

З

Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  

2024 жылғы 7 тамыздағы

№50/1  қаулысымен бекітілген

 

 

2024 жылдың 15 қыркүйегіне тағайындалған, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Ақмола облысы Зеренді ауданының Қонысбай және Симферопол ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1.                  Зеренді ауданының Қонысбай және Симферополь ауылдық округтерінің  әкімдерін (бұдан әрі – әкімдер) сайлауды тағайындау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 7 тамыз

(113-1-б 1-т,3-т, 3-т-сы.)

 

2. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей -

2024 жылдың 17 тамызынан  кешіктірмей

(22-б.2 т.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылдың 17 тамызынан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2024 жылдың 22 тамызынан кешіктірмей

 

(17-б. 2-т.)

 

 

 

 

5. Сайлау учаскесінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Аудан  әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2024 жылдың 22 тамызынан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар – өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкім жүргізеді

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2024 жылдың 8 тамызынан бастап, 2024 жылдың    20 тамызында сағат 18.00-де жергілікті уақытымен  аяқталады

(113-3-б.)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

(4-б., 113-2-б.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күнінен бастап

 (14-б. 8-1) т-сы., 31-б.)

 

 

 

 

9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы  құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т. 9-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 2024 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу (2024 жылғы 1 қаңтарға ұсынылған әрбір кандидат үшін 85000 теңге)

 

Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (ұсынылған әрбір кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда, ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2024 жылдың 1 тамыз) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

2024 жылдың 8 тамызында басталады және 2024 жылдың 25 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы орган, аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

2024 жылдың 24 тамызына  дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылдың 25 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден бастап  2024 жылдың 14 қыркүйегінде  нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы орган, аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19. Сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Зеренді ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылдың 25 тамызына дейін

(24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімімен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2024 жылдың 30 тамызынан бастап

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2024 жылдың 4 қыркүйекке дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларға жеткізу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күннен кешікпей

2024 жылдың 12 қыркүйектен ерте емес және 2024 жылдың 14 қыркүйегіне  дейін

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2024  жылдың 15 қыркүйегінде  жергілікті уақыт бойынша  сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

 

 

 

 

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімінен кешіктірмей

2024 жылдың 18 қыркүйегінен кешіктірмей

(113-10-б. 1-т.)

 

29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылдың 21 қыркүйегінен кешіктірмей

(44-б., 4т., 3т-сы)

 

 

 

 

 

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2024 жылдың 21 қыркүйегінен кешіктірмей

 

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

Дата публикации
07 августа 2024