2024 жылдың 16 маусымында Зеренді ауданының Чаглинка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Зеренді ауданы Чаглинка ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1820 азамат енгізілді, олардың 1106-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 23, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 22.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ещанова Р.Ғ. – 54; Қалиева А.Б. – 70; Махамбетов А.Т. – 937.
Чаглинка ауылдық округінің әкімі болып Махамбетов Аслан Төлегенұлы сайланды, 1975 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Зеренді ауданының Шағалалы ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы