Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 4 «Зеренді ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 4 «Зеренді ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Зеренді ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің «Зеренді ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6995 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облысының Зеренді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Зеренді ауданының әкімі                                                           Ә. Жақсылықов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Зеренді аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
03 июня 2024