2024 жылғы 16 маусымға тағайындалған Зеренді ауданы Чаглинка ауылдық округінің әкімін сайлауға кандидаттарды тіркеу туралы
хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Зеренді ауданы Чаглинка ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Махамбетов Аслан Төлегенұлы, 1975 жылы туған, уақытша жұмыссыз, қазақ, Зеренді ауданы Чаглинка ауылдық округінің Шағалалы ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Ещанова Ризагүл Гапесқызы, 1988 жылы туған, Зеренді ауданының «Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, қазақ, Көкшетау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Қалиева Әсел Болатқызы, 1991 жылы туған, Зеренді ауданының «Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, қазақ, Зеренді ауданының Ақкөл ауылдық округінің Ақкөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы