Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 5 мамырда өткен Ақмола облысы Зеренді ауданының Викторовка ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

2024 жылғы 5 мамырда Зеренді ауданының Викторовка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1046 азамат енгізілді, олардың 868-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 19, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 27.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абжанов А.С. – 660; Ибраева А.Х. – 77; Сәбиева Ж.Б. – 85.

Викторовка ауылдық округінің әкімі болып Абжанов Арлан Серікұлы  сайланды, 1987 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Зеренді ауданының Викторовка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

 

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
06 мая 2024