Зеренді аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 5 мамырға белгіленген Зеренді ауданы Викторов ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабарламасы.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:

  1. Ибраева айнаш Хасенқызы, 1967 жылы туған, Зеренді ауданының «Күсеп ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, қазақ, Зеренді ауданы Күсеп ауылдық округінің Өркен ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
  2. Сәбиева Жанар Болатқызы, 1986 жылы туған, Зеренді ауданының «Троицк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, қазақ, Зеренді ауданы Троицк ауылдық округінің Троицк ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
  3. Абжанов Арлан Серікұлы, 1987 жылы туған, уақытша жұмыссыз, қазақ, Зеренді ауданының Викторовка ауылдық округінің Викторовка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

                                              

Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 апреля 2024