Ақпараттық хабарлама

                         

 

 

Z-ИНФОРМ» ЖШС

                                             ТОО «Z-ИНФОРМ»

          «Зерделі Зеренді»                                                                                  «Зерен»

қоғамдық - саяси  газеті                                                 общественно-политическая газета

Ақмола облысы                                                                        Акмолинской области

Зеренді ауданы                                                                          Зерендинского района

 

Зеренді с., Тәуелсіздік (Мира) к.65                с.Зеренда, ул. Тәуелсіздік (Мира),65

                               Тел./ факс: 8-71632-20-1-93, zerenda_gazeta@mail.ru

 

 

  Зеренді аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясына

                                                                                          

 

Ақпараттық  хабарлама

 

      «Қазақстан  Республикасындағы сайлау туралы»  Қазақстан Республикасының  Конституциялық   заңының  28-бабының 3-тармағына  сәйкес, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  2024 жылғы  27  наурыздағы  № 20/1,  2024  жылдың   5 мамырына  тағайындалған   «Зеренді  ауданы Викторовка  ауылдық округінің  әкімін  сайлау  туралы» қаулысының    негізінде   «Зерделі  Зеренді»  және  «Зерен»  газеттерінің   редакциясы ауылдық  округтер  әкімдері  қызметтеріне  кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын  жүргізу   үшін  баспа  алаңын  береді. Зеренді  ауданының  округтері   әкiмдерінің  сайлауын  өткiзу жөнiндегi үгiт  материалдарына шарттар  жасасу тiркеу аяқталған  күннен  басталады: 2024  жылдың  15  сәуірінен.

   Құны 1 шаршы см. 120   (жүз  жиырма) теңге – 2,3,4,5   жолақтар (ақ-қара).

   Зеренді  ауданы бойынша ауылдық  округтердің  әкімдеріне  кандидаттарға газет алаңын беру үшін Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу туралы  шешімі   және бұқаралық  ақпарат құралдарының  басшысының атына жазбаша өтініші негіз болып табылады.

   Материалдар дайын баспа түрінде (әр парақта кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің қолы қойылған) немесе электронды тасымалдағышта ұсынылады.

  Зеренді ауданы бойынша ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың сайлау материалдары 100% алдын ала төлемнен кейін олардың келіп түсу тәртібімен және   «Зерделі Зеренді» және «Зерен» газеттерімен жасалған   келісімдерде  көрсетілген  мерзімде жарияланады.

   Бұқаралық ақпарат  құралдарында  Зеренді ауданының   ауылдық  округтері әкімдеріне кандидаттарды   сайлау науқаны туралы  жарияланымдарда  қаржыландыру  көздері туралы ақпарат болуы тиіс екенін естеріңізге саламыз.

   Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмейтін   мәтіндер  жарияланбайды.

 

 Z-ИНФОРМ» ЖШС директоры:                                                           С.В.Ким.

 

 

 

Дата публикации
09 апреля 2024