№548, 549, 550 сайлау учаскелерінің шекаралары туралы
хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына және Зеренді аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 20/1 «Ақмола облысы Зеренді ауданының Викторовка ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес №548, 549, 550 сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлаймыз.
№ 548 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Викторовка ауылы, Мир көшесі 71, Зеренді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Викторовка ауылдық клубының ғимараты, тел. 8(71632) 23-2-85.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Викторовка ауылы.
№ 549 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Бөгенбай би ауылы, Әз батыр көшесі 28/2, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Зеренді аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жанындағы Бөгенбай би ауылының медициналық пунктінің ғимараты, тел.8(71632) 52-5-13.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Бөгенбай би ауылы.
№ 549 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Красиловка ауылы, Бөгенбай би көшесі 24, «Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Красиловка ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, тел. 8(71632) 29-4-43.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Красиловка ауылы.
Зеренді ауданының әкімдігі