Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Викторовка аумақтық сайлау округінің шекаралары,
№548, №549, №550 Зеренді аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамдары туралы
хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13 бабының 4 тармағына, 17 бабының 2-тармағына, 22-бабының 2 тармағына, Зеренді аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 27 наурыздағы №20/1 «Ақмола облысы Зеренді ауданының Викторовка ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес, Викторовка аумақтық сайлау округінің шекаралары, Зеренді аудандық және №548, №549, №550 учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері мен құрамдары туралы хабарлаймыз.
Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі - Викторовка ауылдық округі шекарасындағы Викторовка аумақтық сайлау округі.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 40, Зеренді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Зеренді аудандық Мәдениет үйінің ғимараты, тел. 8 (71632) 21-1-97.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамы: комиссия төрағасы – Балтағарин Алмат Қайроллаұлы; комиссия төрағасының орынбасары -Новокрещенов Константин Михайлович; комиссия хатшысы - Хасенова Айнұр Нұғыманқызы; комиссия мүшелері - Азнабаев Медет Төлеханұлы, Байтенов Дархан Қанатұлы, Оспанова Айнагүл Отызбайқызы, Сейітова Надежда Васильевна.
№548 учаскелік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Викторовка ауылы, Мир көшесі, 71, Зеренді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Викторовка ауылдық клубының ғимараты, тел.8(71632) 23-2-85.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төраға – Алексеева Альбина Витальевна; төрағаның орынбасары – Уфимцева Елена Викторовна; хатшы – Жылқайдаров Азамат Қуанышбекұлы; комиссия мүшелері: Бисарина Гүлбике Кенжебайқызы, Какей Жандарбек.
№549 учаскелік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Бөгенбай би ауылы, Әз батыр көшесі 28/2, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Зеренді аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жанындағы Бөгенбай би ауылының медициналық пунктінің ғимараты, тел.8(71632) 52-5-13.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төраға – Құсайынов Әміржан Әмірханұлы; төрағаның орынбасары – Зайт Жолдас Олжабайұлы; хатшы – Бейсембаев Толкен Аманбайқызы; комиссия мүшелері: Даирбекова Елена Қайырбекқызы, Ташетов Бекболат Тасболатұлы.
№550 учаскелік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Красиловка ауылы, Бөгенбай би көшесі 24, «Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Красиловка ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, тел.8(71632) 29-4-43.
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төраға - Майер Марина Францевна; төрағаның орынбасары – Тлеуов Тоқпай Бояқұлы; хатшы – Қадырбеков Есенгелді Амангелдіұлы; комиссия мүшелері: Сизухина Татьяна Владимировна, Истомина Евгения Николаевна.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы