«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес және мәслихат депутаттығына кандидаттың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу негізінде келіп түскен құжаттарды қарап, Зеренді аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №9 округтік сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
№9 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат болып 1961 жылы туған, Зеренді ауылында тұратын, «Көкшетау» МҰТП бас директоры Ербол Болатұлы Сағдиев тіркелсін, «Amanat» партиясымен ұсынылған.
№9 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат болып 1982 жылы туған, Көкшетау қаласында тұратын, ҚР ҰҚК-нің зейнеткері Талғат Қайыржанұлы Торсанов тіркелсін, Қазақстан Халық партиясымен ұсынылған.
№9 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат болып 1997 жылы туған, Зеренді ауылында тұратын, «Зеренді ауылдық округінің аппараты» ММ жетекші маманы Асылбек Маратұлы Жүкенов тіркелсін, өзін - өзі ұсынылған.
№9 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат болып 1997 жылы туған, Зеренді ауылында тұратын, «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік қызметкер Валентина Ивановна Сабирова тіркелсін, өзін - өзі ұсынылған.
Зеренді аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №9 округтік сайлау комиссиясы
5 наурыз 2024 жыл