№ 9 бірмандаттық сайлау округі бойынша
шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеу туралы
хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес және мәслихат депутаттығына кандидаттың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу негізінде келіп түскен құжаттарды қарап, Зеренді аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №9 округтік сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
№9 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат болып 1997 жылы туған, Зеренді ауылында тұратын, «Зеренді ауылдық округінің аппараты» ММ жетекші маманы Асылбек Маратұлы Жүкенов тіркелсін, өзін - өзі ұсынылған.
Зеренді аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі № 9 округтік сайлау комиссиясы
1 наурыз 2024 жыл