2024 жылғы 24 ақпанда Зеренді ауданының Қызылегіс ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Зеренді ауданы Қызылегіс ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 315 азамат енгізілді, олардың 264-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 1.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бунин Е.Г. – 16; Жетпісова Б.Е. – 12; Мұқатаев О.Т. – 231.
Қызылегіс ауылдық округінің әкімі болып Мұқатаев Олжас Төлебекұлы сайланды, 1990 жылы туған, «Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Зеренді ауылдық округінің Зеренді ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы