№9 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихатының депутатын сайлауды тағайындау туралы
хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3-тармағына, 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына және «Шығып қалған Зеренді аудандық мәслихаты депутатының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 16/1 қаулысына сәйкес», 2024 жылғы 31 наурызға сайлау тағайындалғаны туралы хабарлаймыз.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы