Зеренді аудандық мәслихатының № 9 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Зеренді аудандық мәслихатының № 9 бірмандаттық сайлау округі бойынша  шығып қалған депутаттың орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы
28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының               14 бабы 2-3 тармақшасына, 101 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына,
3-1 және 6-тармақтарына сәйкес, Ақмола облысы Зеренді аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. 2024 жылғы 31 наурызға Зеренді аудандық мәслихатының
    № 9 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау тағайындалсын.
  2. Зеренді аудандық мәслихатының № 9 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Зеренді аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын және аудандық «Зерделі Зеренді», «Зерен» газеттерінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                                                             А.Балтағарин

Хатшы                                                                                               А.Хасенова        

         

 

Дата публикации
31 января 2024