«Б» корпусының Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс

«Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (индексі 021200, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі 71, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-32) 20-0-77, факс 8(716-32) 22-7-47, электрондық мекенжайы: zerenda_sup@aqmola.gov.kz электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталынан жіберген кезде файлдардың рұқсат етілген ең көп көлемі 20 Mb-ден аспайды, сыртқы поштадан mail.ru, gmail.com және т. б.) - 5 Mb артық емес) Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1) Зеренді ауданы әкімі аппаратының басшысы, санаты E-2, 1 бірлік (функционалдық блок-А, лауазым деңгейі -8).

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 410720 теңгеден 471788 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің және оның орынбасарларының қызметін қамтамасыз ету бойынша әкім аппаратының жұмысын ұйымдастыру. ҚР Президентінің, Үкіметтің, облыс, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау және тексеру. Аудан әкімінің ауыл және кент әкімдерімен, жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Аудан әкімінің кадр саясатын жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, оның қарауына әкім аппаратының басшы кадрларын, жауапты қызметкерлерін тағайындау және босату туралы ұсыныстар енгізу. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету, марапаттау мәселелері. Аппараттың қаржы-шаруашылық қызметі және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу. Мұрағаттарды ұстау. Сайлауды дайындау және өткізу. Құқық қорғау органдарымен жұмыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылау және бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бағыныштылардың жұмысын болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және уәждеу. Өте құпия және құпия құжаттармен жұмыс істеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету.   Жетекшілік ететін мәселелерге сәйкес комиссияларды басқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: педагогика ғылымдары немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызметтер немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O 4, C-R-2, D-3, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Зеренді ауданыәкімі аппаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.  Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Дата публикации
30 января 2024