Зеренді аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2023 жылғы 26 желтоқсандағы шешіммен 2023 жылғы 24 желтоқсанда сайланған Зеренді ауданының келесі ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді:
Приречен ауылдық округі - Шорин Аян Ерғалиұлы, 1997 жылы туған, Приречен ауылдық округінің Павловка ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған;
Сарыөзек ауылдық округі – Қожабеков Ерлан Сәлімжанұлы, 1975 жылы туған, Сарыөзек ауылдық округінің Уголки ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған;
Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі - Әбілқасова Жанна Әйтімқызы, 1969 жылы туған, Мәлік Ғабдуллин ауылдық округінің Мәлік Ғабдуллин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы