Әдеп бойынша уәкілетті қызметінің қорытындылары
Зеренді ауданы әкімі аппаратының әдеп бойынша уәкілетті 2023 жылы келесідей жұмысты жүргізді:
- мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (бұдан әрі – Әдеп кодексі) аясында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша – 26 адамға, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге – 12, жеке және заңды тұлғаларға – 14 жеке кеңестік көмек көрсетілді.
- азаматтарды жеке қабылдау – 12, оның ішінде көшпелі қабылдау – 6 жүргізілді.
- мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді: лекция мен семинар – 10, БАҚ-дағы және интернет ресурстағы мақалалар – 6.
- ауылдық округтерге бару – 6.
- ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал жағдайы мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мониторингі бойынша сауалнама жүргізілді, жағдай тұрақты.
- Зеренді ауданының ЖАО мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша 1 өтініш түсті, аталған факті расталмады.
- Әдеп кодексінің мәтінін жаңарту және жалпыға ортақ шолу үшін қолжетімді орындарда орналастыру бойынша жұмыс жүргізілді.
- Зеренді ауданының жергілікті атқарушы органдарының барлық қызметшілері Әдеп кодексімен жеке таныстырылды, аталған жұмыс мемлекеттік қызметке орналасқандар арасында да жүргізіледі.
- өңірлік баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет ресурстарда, Зеренді ауданының жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық стендтарында әдеп бойынша уәкілеттінің QR-кодымен байланыс деректерін және сенім телефон нөмірін (22-3-26) орналастыру бойынша жұмыс жүргізілді.
- адалдық декларациясын ерікті және саналы түде қабылдау бойынша жұмыс жүргізілді.
- Зеренді ауданы әкімінің аппараты, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, экономика және қаржы бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі ғимараттарында қолжеткізуді бақылау және басқару жүйесі (ҚББЖ) орнатылды, оның көмегімен қызметкерлердің жұмыс уақытын рационалды пайдалану және регламентті сақтау айқындалады, бұл қызметтік тәртіпті нығайтуға алып келеді.
- әшкерелейтін суреттер, видео және басқа да материалдарды орналастыру бойынша мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желідегі аккаунттарына талдау тұрақты негізде жүргізіледі. Ағымдағы кезеңде бұзушылықтар анықталған жоқ.