2023 жылғы 24 желтоқсанда Сарыөзек, Приречен ауылдық округтері мен Малик Ғабдуллин ауылдық округі әкімдерінің сайлау қорытындысы бойынша хабарлама

ХАБАРЛАМА

 

2023 жылғы 24 желтоқсанда үш сайлау округінде Зеренді ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Зеренді ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Приречен ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 621 азамат енгізілді, олардың 346-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 18, "барлығына қарсы" жолында белгісі бар – 14.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Готфрид Н. Ю. – 28; Оспанова А.О. – 4; Шорин А. Е. – 282.

Приречен ауылдық округінің әкімі болып Шорин Аян Ерғалиұлы сайланды, 1997 жылы туған, «Приречен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Приречен ауылдық округінің Павловка ауылында тұрады, AMANAT партиясы ұсынған.

Сарыөзек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 302 азамат енгізілді, олардың 222-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3, "барлығына қарсы" жолында белгісі бар -1.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Билялова Г.Х. – 3; Қожабеков Е. С. – 204; Усин Т. К. – 11.

Сарыөзек ауылдық округінің әкімі болып Ерлан Сәлімжанұлы Қожабеков сайланды, 1975 жылы туған, Сарыөзек ауылдық округінің әкімі, Сарыөзек ауылдық округінің Уголки ауылында тұрады, AMANAT партиясымен ұсынылған.

М. Ғабдуллин ауылдық округінің әкімі сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 728 азамат енгізілді, олардың 575-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 11, "барлығына қарсы" жолында белгісі бар – 18.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Әбілқасова Ж. А – 459; Дятлов Б.В. – 65; Сәдуақасова Ш. С. - 22.

М.Ғабдуллин ауылдық округінің әкімі болып Жанна Артемовна Әбілқасова сайланды, 1969 жылы туған, М. Ғабдуллин ауылдық округінің әкімі, М. Ғабдуллин ауылдық округінің М. Ғабдуллин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
25 декабря 2023