Зеренді ауданының Сарыөзек, Приречен және М.Ғабдуллин ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша, сайлау округінің шекаралары, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Сарыөзек, Приречен және М.Ғабдуллин ауылдық округі әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округі, Зеренді ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.

Зеренді  ауданының Сарыөзек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі – Сарыөзек ауылдық округінің шекарасындағы Сарыөзек сайлау округі;

Зеренді  ауданының Приречен ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі – Приречен ауылдық округінің шекарасындағы Приречен сайлау округі;

Зеренді  ауданы М.Ғабдуллин ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі – М.Ғабдуллин ауылдық округінің шекарасындағы М.Ғабдуллин сайлау округі.

Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Зеренді а., Тәуелсіздік көшесі 40 (Мәдениет үйінің ғимараты), тел. 8(71632) 2-11-97

комиссия төрайымы – Қазияқпарова Зейнегүл Балтакескенқызы;

төрайымның орынбасары – Новокрещенов Константин Михайлович;

комиссия хатшысы – Хасенова Айнұр Нұғыманқызы;

комиссия мүшелері: Азнабаев Медет Төлеханұлы, Байтенов Дархан Қанатұлы, Балтағарин Алмат Қайроллаұлы, Долгова Светлана Олеговна.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 ноября 2023