2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады (бұдан әрі - жасөспірімдік разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет), оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органына, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аудандардың әкімдеріне (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) жүгінеді.
Дата публикации
27 сентября 2023