2023 жылғы 24 қыркүйекте Зеренді ауданының Зеренді ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы Зеренді аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2023 жылғы 24 қыркүйекте Зеренді ауданының Зеренді ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы

Зеренді аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

2023 жылғы 24 қыркүйекте Зеренді ауданының Зеренді сайлау округі бойынша ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті.

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Зеренді ауданының Зеренді ауылдық округінің әкімін  сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5550 азамат енгізілді, олардың 2815-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 66, «Бәріне қарсы» деген жолда қойылған белгі - 176.

Әр кандидатқа үшін берілген дауыстар саны:

Ақмағамбетов М.С. – 456; Әбуғалиев Н.М. – 1718; Таңдаева С.К. – 399.

 

Зеренді ауылдық округінің әкімі болып 1988 жылы туған, Зеренді ауылдық округі, Зеренді ауылында тұратын, өзін өзі ұсынған, Әбуғалиев Нұртас Мұхтарұлы сайланды.

 

 

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
25 сентября 2023