Хабарлама
Ақмола облысы, Зеренді ауданының
Зеренді ауылдық округінің әкімін сайлау
бойынша сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 бабының 6) тармақшысына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына және Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 16 тамыздағы № 71/72 «Ақмола облысы Зеренді ауданының Зеренді ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» қаулысына сәйкес, Зеренді ауылдық округі аумағының шекарасында Зеренді ауданы Зеренді ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылды.
Зеренді ауданы ауылдық округ әкімін сайлау бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі мекен жайда орналасқан:
Зеренді а. Тәуелсіздік көшесі, 40, тел.: 8 (716 32) 21197.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы