БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ Зеренді ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы

Зеренді ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) өзгерту                      және белгілеу туралы

 

 

       Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Зеренді ауданы Мәлік Ғабудллин ауылдық округінің Мәлік Ғабдуллин ауылының шекарасына (шегіне) Зеренді ауданының 1079,1297 гектар босалқы жерін қосу арқылы шекарасы (шегі) өзгертіліп, шекарасының (шегінің) жалпы көлемі 1698,42 гектар болып белгіленсін.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Зеренді ауданы Чаглинка ауылдық округінің Шағалалы ауылының шекарасына (шегіне) Зеренді ауданының 1628,43 гектар босалқы жерін қосу арқылы шекарасы (шегі) өзгертіліп, шекарасының (шегінің) жалпы көлемі 2242,57 гектар болып белгіленсін.
  3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Зеренді ауданы Алексеевка кентінің Чаглинка станциясының шекарасына (шегіне) Зеренді ауданының 460,48 гектар босалқы жерін қосу арқылы шекарасы (шегі) өзгертіліп, шекарасының (шегінің) жалпы көлемі 565,88 гектар болып белгіленсін.
  4. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
16 августа 2023