Зеренді ауданы елді мекендерінің шекараларын
(шегін) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 3085,43 гектар Зеренді ауданы Зеренді ауылдық округінің Зеренді ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін;
2) осы бірлескен қаулы мен шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 285,237 гектар Зеренді ауданы Мәлік Ғабдуллин ауылдық округінің Кіші Түкті ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін;
3) осы бірлескен қаулы мен шешімнің 3-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 356,83 гектар Зеренді ауданы Троицк ауылдық округінің Қошқарбай ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.