Зеренді ауданы Садовый ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 тамызда өткен сайлауының қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

 

 

Зеренді ауданы Садовый ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы                13 тамызда өткен сайлауының қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

2023 жылғы 13 тамыздағы Зеренді ауданының Садовый сайлау округі бойынша ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Зеренді ауданының Садовый ауылдық округінің әкімін  сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 878 азамат енгізілді, олардың 460-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Бәріне қарсы» деген жолда қойылған белгі - 5.

Әр кандидатқа үшін берілген дауыстар саны:

Әжібаев С.Қ. – 13; Байкенов Е.Ш. – 16; Балтабаев Ғ.Ғ. – 252; Қосаманов Б.Қ. – 42; Сағадиев С.Д. - 123.

 

Садовый ауылдық округінің әкімі болып 1988 жылы туған, «Отызбай - 2» ЖШС-нің заңгері, Садовый ауылдық округі, Садовый ауылында тұратын, өзін өзі ұсынған, Балтабаев Ғабит Ғеззатұлы сайланды.

 

 

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 августа 2023