Садовый ауылдық округі әкіміне кандидатты тіркеу туралы шешімінің күшін жою туралы хабарлама

Садовый ауылдық округі  әкіміне кандидатты тіркеу туралы шешімінің күшін жою туралы хабарлама

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Коституциялық Заңының 113-6 бабына және ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 19 қыркүйектегі №16/209 қаулысының 2 тарауының 8, 9, 10 баптарына сәйкес, Садовый ауылдық округінің әкіміне кандидат Шалабаева Бақшагүл Амангелдіқызының жазбаша өтінішін қарап, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 21 шілдедегі №62/63 Садовый ауылдық округінің әкіміне кандидат Шалабаева Бақшагүл Амангелдіқызын тіркеу туралы шешімінің күші жойылсын.
  2. Садовый ауылдық округінің учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары сайлау бюллетендеріне өзгеріс енгізсін.

 

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
11 августа 2023