2023 жылдың 13 тамызына тағайындалған Зеренді ауданы Садовый ауылдық округінің әкімін сайлауға кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Зеренді ауданы Садовый ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Әжібаев Серік Қайсарбекұлы, 1982 жылы туған, жеке кәсіпкер, Зеренді ауданы Садовый ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Байкенов Еркен Шойынбекұлы, 1976 жылы туған, жеке кәсіпкер, Көкшетау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Балтабаев Ғабит Ғеззатұлы, 1988 жылы туған, «Отызбай-2» ЖШС-нің заңгері, Зеренді ауданы Садовый ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Шалабаева Бақшагүл Амангелдіқызы, 1968 жылы туған, «Қонысбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Зеренді ауданы Қонысбай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Қосаманов Базарбай Құдайбергенұлы, 1973 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Көкшетау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Сағадиев Серік Дәулетұлы, 1980 жылы туған, жеке кәсіпкер, Зеренді ауданы Көктерек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы