БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ
Зеренді ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы
№ А-11/667 және Зеренді аудандық мәслихатының 2019 жылғы
27 қарашадағы № 47-314 «Зеренді ауданы елді мекендерінің
шекараларын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
«1. 1 қосымшаға сәйкес жалпы алаңы 2242,57 гектар Зеренді ауданы Чаглинка ауылдық округі Шағалалы ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.";
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімге 1 қосымша осы бірлескен қаулы және шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
«2. 2 қосымшаға сәйкес жалпы алаңы 565,88 гектар Зеренді ауданы Алексеевка кенті Чаглинка станциясының шекарасы (шегі) белгіленсін.»;
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімге 2 қосымша осы бірлескен қаулы және шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.