Зеренді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № А-3/85 және Зеренді аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 наурыздағы № 4-25 «Зеренді ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер енгізу туралы

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ

 

 

Зеренді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 наурыздағы

№ А-3/85 және Зеренді аудандық мәслихатының 2021 жылғы

12 наурыздағы № 4-25 «Зеренді ауданы елді мекендерінің

шекараларын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1.    Зеренді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № А-3/85 және Зеренді аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 наурыздағы № 4-25 «Зеренді ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8395 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

         2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «2. 2 қосымшаға сәйкес жалпы алаңы 1698,42 гектар Зеренді ауданы Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі Мәлік Ғабдуллин ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.».

көрсетілген бірлескен қаулы және шешімге қосымша осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

          

Дата публикации
06 июня 2023