Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 3084,03 гектар Зеренді ауданы Зеренді ауылдық округінің Зеренді ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін;
2) осы бірлескен қаулы мен шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 285,237 гектар Зеренді ауданы Мәлік Ғабдуллин ауылдық округінің Кіші Түкті ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін;
3) осы бірлескен қаулы мен шешімнің 3-қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 356,83 гектар Зеренді ауданы Троицк ауылдық округінің Қошқарбай ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін;
2.Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.