2022 жылғы Зеренді ауданының «Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

 Зеренді ауданының «Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Мәлік Ғабдуллин ауылы, Зелёная көшесі, 31 үй .Байланыс телефон 871632 (27-2-85). Сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін жұмыс күні қабылдайды,                       13-00-ден 14-00-ге дейін үзіліс беріледі, демалыс және мерекелік күндері.

Зеренді ауданының «Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  1. «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру»;
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»;
  4. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;
  5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;
  6. «Жер учаскесін алуға жалдау мерзімін ұзарту».

2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 24, соның ішінде:

 

№ р/с

Мемлекеттік қызмет атауы

Барлығы

1

Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру

2

2

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

1

3

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

1

4

Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу аркылы сату

0

5

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

        31

6

Жер учаскесін алуға жалдау мерзімін ұзарту

0

(қызметтер тегін негізде қағаз түрінде, "электрондық үкімет" порталы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты негізінде көрсетіледі);

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жөнінде толық ақпарат                        Мәлік Ғабдуллин селосының әкімдігінің ғимаратында стендте жайғастырылған.

Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі әкімінің аппаратында интернетке шығатын өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы және мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу үшін барлық қажетті жабдықтар жұмыс істейді портал арқылы Egov.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ 1414, 8-7172-90-69-84 телефоны бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Электрондық үкіметтің «EGov mobile» мобильдік қосымшасының баннері бар.

«Адал көмек» жобасы аясында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында тікелей эфир өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін 2022 жылы семинар-кеңестер, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Тұрақты негізде жауапты қызметкерлермен және мемлекеттік мекеме басшыларымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ. Қызмет алушылар тарапынан арыздар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат   

Шағымданушы туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қараған және шешім қабылдаған орган (ұйым),

 

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қорытындысы туралы құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет 

1

2

3

4

5

6

7

Шағымдар түскен жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Ауылдық округ әкімі                                                           Ж.Абылқасова

 

 

 

Дата публикации
23 февраля 2023