2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Зеренді ауданы әкімдігінің қызметі туралы есеп

  1.  

    1. Жалпы ережелер

    1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Зеренді ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2022 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепте (бұдан әрі – Есеп Зеренді ауданының жергілікті атқарушы органдарының, мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсетуі бойынша мәліметтер енгізілген.

    1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

    1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

    - мемлекеттік қызметтердің саны: ауданның жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 64 түрін  және 83 кіші түрін көрсетеді.

    - 6 қызмет ауылдық округ әкімдіктерімен көрсетіледі.

    - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 34.

    - ЭҮП электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 59.

    - 64 мемлекеттік қызметтің 11-сі ақылы негізде көрсетіледі.

    2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 10309 құрады: - мемлекеттік корпорация арқылы - 1132; - электрондық түрде - 7005 (ЭҮП ақпараттық жүйелері); мемлекеттік органдар арқылы қағаз түрінде - 55, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрі («Электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда) www.egov.kz, www.elicense.kz -1486, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы электрондық түрі («Электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда). www.egov.kz, -631.

    2) Ауданның 22 ауылдық округінде халықпен электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридждермен жабдықталған «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған сонымен қатар сандық құжаттар туралы 22 баннер орналастырылды.

    Сондай– ақ, мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ «Ақмола-Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде, Зеренді ауданы Зеренді, Чаглинка, Бұлақ ауылдық округтерінде «Сервистік әкімдік» жобасы іске асырылды, онда халыққа «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы консультациялық көмек және электрондық мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бар.

    1. Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

    1) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: жер учаскесін алуға кезекке қою; баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу; неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу; жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу; Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу.

    1. Қызмет алушылармен жұмыс

    1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсететін барлық жергілікті атқарушы органдардың стендтерінен алуға болады. Зеренді ауданы әкімінің сайтында https://beta.egov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/activities/11175?lang=ru, аудан әкімінің Instagram парақшасында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.

    2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

    Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер көпшілік талқылаулары үшін аудан әкімінің сайтында және Instagram парақшасында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

    3) мемлекеттік қызметтер көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

    Instagram әлеуметтік желісінде 64 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімдердің және әкімдер аппараттарының қызметкерлерімен «ZOOM» арқылы 11 семинар өткізілді.

    «Адалдық Алаңы» жобасы аясында мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандарының қатысуымен 30 тікелей эфир өткізілді.

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

    1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

    Жергілікті атқарушы органдар - қызмет көрсетушілер қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді – 91 қызметкер, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер – 75.

    Техникалық оқу ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимде Ақмола облысы әкімдігінің ішкі бақылау қызметінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жауапты қызметкерлерін шақырумен өткізілді.

    1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

    1) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

    2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1 шағым тіркелді.

    2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

    Бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселесі бойынша Бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес, Зеренді ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімімен ауданның 11 мекемесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша бақылау іс-шаралары өткізілді («Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты», «Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты», «Қонысбай ауылдық округі әкімінің аппараты», «Қызылсая ауылдық округі әкімінің аппараты», «М. Ғабдуллин атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты», «Ортак ауылдық округі әкімінің аппараты», «Сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Садовый ауылдық округі әкімінің аппараты», «Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты», «Симферополь ауылдық округі әкімінің аппараты», «Алексеевка кенті әкімінің аппараты». Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

    3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

    Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

    1) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша 2023 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 2023 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, «Сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    2022 жылғы мемлекеттік қызметтер

    көрсету мәселелері бойынша

    Зеренді ауданы әкімдігінің

    қызмет есебіне

     Қосымша

     

     

    Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардан түскен шағымдар туралы ақпарат

     

    Шағымданушы туралы мәліметтер

    Шағым мазмұны

    Шағымды қарастырып, шешім қабылдаған ұйым, мекеме

    Қарастыру күні

    Шағымды қарастыру нәтижесіндегі құжат №

    Қабылданған шешім

    Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    Айнабеков Е.И.

    Негізсіз бас тарту

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

    09.02.2022 – 17.02.2022 ж.

    № 12 от 17.02.2022 ж.

    Е.И. Айнабековке қатысты тұрғын үй заңнамасының аталған бұзушылықтары жойылды, құқықтар қалпына келтірілді.

    -

     

     

     

     

     

     

 

 

 

Дата публикации
23 февраля 2023