2022 жылға Зернді ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

         Зеренді ауданының «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 23 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;

2) Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау;

3) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру;

4)  Ақталған адамға куәлік беру;

5) Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;

6) Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орнын толтырушы) қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;

7) Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;

8) Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;

9) Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;

10) Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;

11) үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу;

12) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу;

13) тұрғын үй көмегін тағайындау;

14) Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

15) Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

16) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;

17) Азаматтық хал актілері жазбаларын жою;

18) Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

19) Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

20) Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер,толықтырулар мен түзетулер енгізу;

 

 

 

21) Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу;

22) еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру;

23) еңбекші көшіп келушілге рұқсаттарды ұзарту.

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету ҚР заңнамасына, Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес тегін негізде жүргізіледі.

        Зеренді ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ - нің 2022 жылға көрсеткен мемлекеттік қызметтерінің саны - 2365, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» арқылы - 902; электрондық үкімет порталы арқылы-795; көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы (вебті қоспағанда. «электрондық үкімет» порталы) – 602, қағаз нысанда - 66.

         2022 жылы неғұрлым сұранысқа ие қызметтер: «жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орнын толтырушы) қамтамасыз ету», « Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету», «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу»,  «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру»,             «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер,толықтырулар мен түзетулер енгізу».

          Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Зеренді ауданы әкімінің сайтында, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараттық стендтерінде орналастырылған. Стандарттар Зеренді ауданы әкімінің сайтында орналастырылған.

          Тұрақты негізде Зеренді ауданының "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ жауапты қызметкерлері мен Басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ (Қосымша):

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметалушылар

шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағым мәнісі

Шағымдықараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қараған күні

Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі құжат нөмірі

Қабылданған шешім

Қабылданған

Шешімді қайта қарау

Туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Шағым келіп түскен жоқ

         

         2022 жылдың қазан, желтоқсан айларында Зеренді ауданының "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы онлайн сөз сөйлеулер өткізілді: 2022 жылдың есебі аудан әкімінің сайтында орналастырылатын болады.

        Зеренді ауданының  «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы пікірлеріңізді ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді аудан әкімінің сайтынанемесеЗерендіауданының  «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ уәкілетті орган орналасқанорныбойыншадемалыс пен мерекелеіккүндерденбасқа, жұмыскүндері сағ.9.00-18.30 дейін, үзіліс сағ.13.00-14.30 дейін орналастыра аласыздар. Нақты және заңды мекен-жай: Зеренді ауылы, Тәуелсіздік  кошесі 52, байланыс телефондары: 21-1-68 

 

Бөлім  басшысы                                                                                  Э.Боқанова

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 февраля 2023