«Шаруа немесе фермер
қожалығын, ауыл
шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін уақытша өтеулі
жер пайдалану (жалға алу)
құқығын беру жөніндегі
конкурсқа шығарылатын жер
телімдерінің тізбесін бекіту туралы»
Зеренді ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 15 қарашадағы
№А-11/664 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 43-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы, 1 бөлігі 10) тармақшасына, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
қосымшада 2-жол «Қанай би атындағы ауылдық округі, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, жалпы ауданы 81,5 га, егістік 80,0 га, жайылым 1,5 га, 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану» алып тасталсын.
Зеренді ауданының әкімі Ә. Жақсылықов