«Дихан Плюс» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің жер теліміне уақытша өтеулі жер пайдалану
құқығын мемлекеттік мұқтаж үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың
басталуы туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы
10 қарашадағы № А-11/687
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 37, 43, 84, 85 баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18, 61, 63-бабының 20) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 - баптарына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- ««Дихан Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер теліміне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын мемлекеттік мұқтаж үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № А-11/687 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 қазандағы № А-10/601 қаулысымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Дихан Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер теліміне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын мемлекеттік мұқтаж үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № А-11/687 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1 - тармақтағы «жалпы ауданы 83,2689 га, (кадастрлық нөмірі 01-160-055-065, 01-160-055-066, 01-160-055-067, 01-160-055-068)» сөздері «жалпы ауданы 113,2 га, (кадастрлық нөмірі 01-160-055-065, 01-160-055-066, 01-160-055-067, 01-160-055-068, 01-160-055-069)» сөздерімен ауыстырылсын.
- Осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аудан әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
- «Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей «Дихан Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны пошта арқылы жіберетін, пошта жөнелтілімін тапсыру туралы міндетті түрде хабарлама жіберілсін.
- «Дихан Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін Ақмола облысы, Зеренді ауданы Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі 48 мекенжайындағы «Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінуі қажет.
- 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
- Зеренді ауданының әкімі Ә. Жақсылықов