«Дихан Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер теліміне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын мемлекеттік мұқтаж үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № А-11/687 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан  Республикасы Жер кодексінің 17, 37, 43, 84,85 баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18, 61, 63-бабының 20) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 - баптарына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Дихан Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер теліміне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын мемлекеттік мұқтаж үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № А-11/687 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

1 - тармақтағы «жалпы алаңы 221,0 га, (кадастрлық нөмірі 01-160-055-039) сөздері «жалпы ауданы 83,2689 га, (кадастрлық нөмірі 01-160-055-065,  01-160-055-066, 01-160-055-067, 01-160-055-068)» сөздерімен ауыстырылсын.

  1. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аудан әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.

  2. «Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей «Дихан Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны пошта арқылы жіберетін, пошта жөнелтілімін тапсыру туралы міндетті түрде хабарлама жіберілсін.

4. «Дихан Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін Ақмола облысы, Зеренді ауданы Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі 48 мекенжайындағы «Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінуі қажет.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Зеренді ауданының әкімі                                                                                                                  Ә. Жақсылықов

«Дихан Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер теліміне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын мемлекеттік мұқтаж үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № А-11/687 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
07 октября 2022