«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес және 2022 жылғы 31 шілдеде өткен Зеренді ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы аудандық сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы тіркеуге шешім қабылдады:
- Водовозов Николай Николаевичті, 1976 жылы туған, Зеренді ауылында тұратын Айдабол ауылының әкімі, Ақмола облысы Зеренді ауданының Айдабол ауылының әкімі қызметіне;
- Уәлиева Алма Октябрқызын, 1964 жылы туған, Игілік ауылында тұратын Игілік ауылының жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Ақмола облысы Зеренді ауданының Қанай би ауылдық округінің әкімі қызметіне;
- Ахметов Қорғанбек Рымбекұлын, 1971 жылы туған, "VentArriere" ЖШС директорының орынбасары, Ортаағаш ауылында тұрады, Ақмола облысы Зеренді ауданының, Қызылегіс ауылдық округінің әкімі қызметіне;
- Ғайсин Манарбек Назымбекұлын, 1984 жылы туған, "Erkin – Astana 2016" ЖШС директорының орынбасары, Ортақ ауылында тұратын, Ақмола облысы Зеренді ауданының, Ортақ ауылдық округінің әкімі қызметіне.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы