ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2022 жылғы 31 шілдеде Зеренді ауданының ауыл, ауылдық округтерінің төрт сайлау округі бойынша әкімдерінің сайлауы өтті.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Зеренді ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Айдабол ауылының сайлау округі
Айдабол ауылы әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 724 азамат енгізілді, олардың 681-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 28, "Барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Водовозов Н. Н. – 629; Жүсіпова Р. А. – 20; Исаханов С. Т. – 1.
Айдабол ауылының әкімі болып Водовозов Николай Николаевич сайланды, 1976 жылы туған, Айдабол ауылының әкімі, Айдабол ауылында тұрады, "AMANAT" партиясы ұсынған.
Қанай би атындағы сайлау округі
Қанай би атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 399 азамат енгізілді, олардың 397-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, "Барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Н.М. Жетенов – 196; Ж.А. Төлегенов – 0; А. О. Уалиева – 201.
Қанай би атындағы ауылдық округінің әкімі болып Уалиева Алма Октябрқызы сайланды, 1964 жылы туған, Игілік ауылындағы жалпы білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі, Қанай би атындағы ауылдық округінің Игілік ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынуына.
Қызылегіс сайлау округі
Қызылегіс ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 319 азамат енгізілді, олардың 314-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, "Барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ахметов К. Р. – 312; Жолдаңғар Б. Ж. - 0;
Қызылегіс ауылдық округінің әкімі болып Ахметов Қорғанбек Рымбекұлы сайланды, 1971 жылы туған, "VentArriere" ЖШС директорының орынбасары, Қызылегіс ауылдық округінің Ортаағаш ауылында тұрады, "AMANAT"партиясы ұсынған.
Ортақ сайлау округі
Ортақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 375 азамат енгізілді, олардың 370 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, "Барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әбділманов Д. Қ. – 155; Бесембаев С. С. – 2; Ғайсин М. Н. - 210; Катенов Р. Е. - 3.
Ортақ ауылдық округінің әкімі болып Ғайсин Манарбек Назымбекұлы сайланды, 1984 жылы туған, "Erkin-Astana 2016" ЖШС директорының орынбасары, Ортақ ауылдық округінің Ортақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынуына.
Зеренді аумақтық сайлау комиссиясы