«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конститутциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45 бабына, 113-1 бабының 1- тармағына сәйкес, және аудандық сайлау комиссиясының хаттамасының қорытындысы бойынша 2022 жылғы 24 сәуірде өткен Зеренді ауданы, Бәйтерек ауылдық округі әкімі сайлауының негізінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаулы етті:
- Бәйтерек ауылы, Совхозный көшесі, 42-үйде тұратын, 1975 жылы туған Құрманғалиев Бауыржан Қалиұлы Зеренді ауданы Бәйтерек ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы