ААСК хабарламасы

2022 жылғы 24 сәуірде Бәйтерек сайлау округі бойынша

Зеренді ауданының ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Зеренді ауданының Бәйтерек ауылдық округі әкімінің  сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 740 азамат енгізілді, олардың 691-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 26.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Құрманғалиев Б.К. – 614; Солтанбек Ж. – 41.

Бәйтерек ауылдық округінің әкімі болып 1975 жылы туған Құрманғалиев Бауржан Қалиұлы сайланды, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі, Бәйтерек ауылдық округінің Бәйтерек ауылында тұрады, оны "Amanat"партиясы ұсынды.

 

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы

ААСК хабарламасы
Дата публикации
25 апреля 2022