Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабына, 84- бабының 2-тармағының 4) тармақшасына 85 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18, 61, 63-бабының 20) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Дихан Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2022 жылғы 10 ақпаннан бастап, жалпы алаңы 221,0 га, (кадастрлық нөмірі 01-160-055-039) Күсеп ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығындағы 36 жыл мерзімге ұсынылған жер учаскесінің бөлігін, елді мекендердің ортақ пайдалануындағы объектілердің құрылысы үшін, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аудан әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
- «Зеренді ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей «Дихан Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны пошта арқылы жіберетін, пошта жөнелтілімін тапсыру туралы міндетті түрде хабарлама жіберілсін.
- «Дихан Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін Ақмола облысы, Зеренді ауданы Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі 48 мекенжайындағы «Зеренді ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінуі қажет.
- 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеренді ауданының әкімі Ә. Жақсылықов