«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Зеренді ауданының көп пәтерлі тұрғын үйлерін күрделі жөндеуге, лифтілерді ауыстыруға және жөндеуге байланысты шығындарды пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің өтеу қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары М.Т.Сенбековқа жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Жақсылықов