«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабынің 2, 3- тармағына сәйкес, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылғы 26 қыркүйекке Зеренді ауданының Қонысбай ауылдық округінің әкімін сайлауы тағайындалсын.
2. 2021 жылғы 26 қыркүйекке тағайындалған Зеренді ауданының Қонысбай ауылдық округінің әкімін сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы Зеренді аудан әкімінің сайтында және аудандық «Зерделі Зеренді», «Зерен» газеттерінде жариялансын.
Сайлау комиссиясының төрайымы З. Қазияқпарова