Зеренді ауданы кенті және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындау туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Конституциялық  Заңының 113-1 бабына, «Зеренді ауданының кенті және «Ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы №118/168  қаулысына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесіне сайлау тағайындалғанын хабарлаймыз:

- Алексеевка кенті әкімінің;

- Бұлақ ауылдық округі әкімінің;

- Викторовка ауылдық округі әкімінің;

- Күсеп ауылдық округі әкімінің;

- Приречен ауылдық округі әкімінің;

- Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округі әкімінің.

- Троицк ауылдық округі әкімінің;

- Чаглинка ауылдық округі әкімінің.

 

Бұдан басқа, Зеренді кенті және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған (Зеренді ауданы әкімдігінің сайтында https://beta.egov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/documents/details/183193?lang=ru) 

 Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 июня 2021