Зеренді ауданының кенті және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Ақмола облысы Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Зеренді ауданының кенті және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге Зеренді ауданында сайлау тағайындалсын:
  • Алексеевка кентінің әкімі;
  • Бұлақ ауылдық округінің әкімі;
  • Викторовка ауылдық округінің әкімі;
  • Күсеп ауылдық округінің әкімі;
  • Приречен ауылдық округінің әкімі;
  • Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округінің әкімі;
  • Троицк ауылдық округінің әкімі;
  • Шағалалы ауылдық округінің әкімі;
  1. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Зеренді ауданының кенті және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Зерделі Зеренді», «Зерен» газеттерінде жариялансын.

 

Сайлау 

комиссиясының төрайымы                                        З. Қазияқпарова

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                        А. Хасенова

 

 

 

Зеренді ауылы

2021 жыл 25 маусым                    

№ 118/168

 

 

Дата публикации
25 июня 2021